Аймақтар • 29 Наурыз, 2020
Түркістан: 80 мыңға жуық бетперде тегін таратылды
Түркістан облысы Ордабасы ауданында жергілікті тұрғындар, кітапханашылар мен еріктілер бірлесе бетперде тігуді қолға алған. Бүгінгідей қиындықта жұдырықтай жұмыла әрекет ету қажет екенін айтып, жергілікті билікке тұрғындар өздері ұсыныспен келіпті. Ұсыныс қолдау тапты. Сөйтіп игі бастама нәтижесінде тігілген 60 мыңнан астам бетперде аудан тұрғындарына тегін таратылған. Сонымен қатар, аудан бойынша әлеуметтік аз қамтылған 105 отбасыға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры таратылып берілген. Оған жергілікті халық қалаулылары мен кәсіпкерлер демеушілік жасады.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2020
Түркі әлемінің мәдени-рухани орталығында індетті болдырмаудың барлық амалы жасалуда
Түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы киелі Түркістан қаласында бүгінде індетті болдырмаудың барлық амалы жасалуда. Қалаға кіреберісте Ынтымақ, Кентау, Шәуілдір, Балтакөл блок - посттары мен теміржол вокзалындағы бақылау - өткізу бекеттерінде 15 бейнебақылау камералары орнатылды. 5 бекеттің әрқайсысында 3 «Сергек» камерадан қойылған. Барлық бейнежазылым 30 күн бойы сақталады.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2020
30 наурыздан бастап Атырау қаласы карантинге жабылады
Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2020
Салық төлеуге қатысты жеңілдіктер мен қолдау пакеті белгіленді
Қазіргі коронавирус кезеңі республика өңірлерінің қаржы-экономикалық жағдайына теріс әсерін тигізбей қоймайтыны кәміл. Бұлай болатын себебі бұған дейінгі қалыпты кезеңдегідей емес, жергілікті бюджеттерден қаражат көлемінің белгілі бір көлемі коронавирусқа қатысты іс-шараларды жүргізуге бөлінетінінде.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2020
Ақтөбелік IT мамандар интернетсіз қашықтан оқыту жүйесін ұсынды
Кеше Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Алға ауданы Бестамақ ауылындағы «Бестамақ орта мектебі» КММ болды. Аймақ басшысы білім ордасындағы қашықтан оқытуға арналған жұмыстардың дайындығымен танысты.