Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

Түркістан: 80 мыңға жуық бетперде тегін таратылды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Ордабасы ауданында жергілікті тұрғындар, кітапханашылар мен еріктілер бірлесе бетперде тігуді қолға алған. Бүгінгідей қиындықта жұдырықтай жұмыла әрекет ету қажет екенін айтып, жергілікті билікке тұрғындар өздері ұсыныспен келіпті. Ұсыныс қолдау тапты. Сөйтіп игі бастама нәтижесінде тігілген 60 мыңнан астам бетперде аудан тұрғындарына тегін таратылған. Сонымен қатар, аудан бойынша әлеуметтік аз қамтылған 105 отбасыға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры таратылып берілген. Оған жергілікті халық қалаулылары мен кәсіпкерлер демеушілік жасады.

Түркістан: 80 мыңға жуық бетперде тегін таратылды

Ал  Кентау қаласында 20 мыңға жуық бетперде тегін таратылды. Игі іске қаладағы еріктілер ұйымы ұйытқы болып отыр. Әрбір көшені аралап тұрғындарға бетперде мен арнайы қорғаныш қолғаптарын тарту еткен жастар, коронавирустан қорғану жолдарын түсіндірді. Көшеге көп шықпау керектігін және адамдар көп жиналатын жерлерге бармау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, еріктілер қалаға кіреберіс қақпада орналасқан блок-посттағы келушілерге де бетперделер берді. «Енді, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, ардагерлерге және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйлеріне апарып береміз. Бұл игі істі алдағы уақытта да жалғастыратын боламыз», дейді қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Қанат Бекметов.

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар