Елордада Халықаралық театр күні аталып өтті
Үздік актерлер қала әкімі Бақыт Сұлтановтың алғыс хаттарымен марапатталды, деп хабарлайды астаналық әкімдіктің ресми сайты.
Өткен тәулікте елордаға 1,2 мың тоннадан астам көмір жеткізілді
Қазіргі таңда елордадағы қатты отынның жалпы қоры 13 026,77 тоннаны құрайды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары онкологтардың білікті кеңесін ала алады
30 наурызда сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін Онкология орталығының емханасында колоректальды обыр (тоқ ішек) бойынша онкологтар тұрғындарды қабылдайтын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Түркиядағы сайлауға 4 күн қалды
Осы аптаның аяғында, яғни 31 наурыз күні Түркияда сайлау өтеді. Сайлау болғанда Парламент немесе Президент сайлауы емес, жергілікті сайлау болмақ. 1840 жылдан бері өтіп келе жатқан осынау сайлау Түркияда саяси реформа жасалып, президенттік басқару жүйесіне көшкеннен бері алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Деректерге қарағанда елде 57 млн 93 мың 985 дауыс беруші тіркелген. Ал сайлау учаскелеріндегі сандықтар саны 194 мың 715 екен.
Шайбалы хоккей: Жарыс кестесі белгілі болды
6-12 сәуір аралығында Қытайдың бас шаһары – Бейжіңде әйелдер арасындағы әлем біріншілігінің І дивизионындағы В тобындағы командалардың сайысы өтеді.