27 Наурыз, 2019

Өткен тәулікте елордаға 1,2 мың тоннадан астам көмір жеткізілді

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда елордадағы қатты отынның жалпы қоры 13 026,77 тоннаны құрайды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Өткен тәулікте елордаға 1,2 мың тоннадан астам көмір жеткізілді

Кеше елордаға 1242 тонна көмір әкелінді. Оның 690 тоннасы – «Шұбаркөл», 552 тоннасы – «Майкөбе» көмірі. Ал көмір бағасы төмендегідей:

«Шұбаркөл» тоннасы – 11 300 теңге,

«Қаражыра» тоннасына – 12 700,

«Майкөбе» тоннасы – 12 000 теңге,

«Богатырь көмір» – 9 000 теңге,

«Кузнецкий» – 12 250 теңге.

Айта кетейік, елорданың отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу мақсатында көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойды. Бүгінгі таңда көмір нарығындағы жағдай қалыпты, проблемалық мәселелер жоқ. Қала әкімдігі көмір нарығындағы жағдайды күн сайын мониторингтен өткізіп, өзінің тұрақты бақылауына алған. «I-Kөмек 109» негізінде тұрғындарға арналған жедел желі құрылды.