Аймақтар • 05 Наурыз, 2020
Біздің қаланың өмірін трамвайсыз көзге елестету мүмкін емес. Дүрс-дүрс тынымсыз тіршілікке қалалықтар та әбден үйренген. Өйткені трамвай – облыс орталығындағы сұранысқа ие қоғамдық көлік. Қала тұрғындарына 40 жылдан аса қызмет етуде. Жалпы, трамвай күніне 47 мыңдай жолаушыны тасымалдайды. Түнде де жүреді. Рельсті жол бойына 67 вагон шығады.
Парламент • 05 Наурыз, 2020
Бақуатты ауыл – қуатты Қазақстан
Ауыл шаруашылығы – Қазақстанның экономикасындағы негізгі сала. Ішкі жалпы өнімнің 4,4%-ы ауыл шаруашылығына тиесілі болғанымен, дәл осы ауыл шаруашылығында еліміздің еңбекке қабілетті тұрғындарының 14%-ы жұмыс істейді, ауылдық елді мекендерде 7,7 миллион (ел тұрғындарының 42%) халық тұрады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша биылғы жылдың 1 қаңтарында экономиканың салалары бойынша ең төменгі орташа жалақы ауыл шаруашылығында және ол 127,3 мың теңгені құрады. Бұл былтырмен салыстырғанда 15,6% жоғары, алайда өсім – елдегі орташа көрсеткіштен біршама төмен.
Әлем • 05 Наурыз, 2020
Кореядағы қазақстандықтан коронавирус табылмады
Оңтүстік Кореядағы коронавирус жұқтырған қазақстандық туралы ақпарат жалған болып шықты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында хабарлады.
Қоғам • 05 Наурыз, 2020
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында коронавирустан сақтануға арналған баспасөз мәслихаты өтті. Жиын барысында Денсаулық сақтау министрлігі Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы Бас директоры Арнұр Нұртаев дені сау адамдарға медициналық маска кию қажет емес екенін атап өтті.
Әлем • 05 Наурыз, 2020
Коронавирус туралы жиі қойылатын сұрақтар
Көптеген адам жаңа коронавирус (2019-NCOV) ауруы жайлы білмейді.