Тағайындау • 02 Наурыз, 2020
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқармасының жаңа төрағасы сайланды
«ҚазАгро» холдингі «Аграрлық несие корпорациясы» (АНК) АҚ директорлар кеңесінің шешімімен басқарма төрағасы қызметіне Бағлан Құлтаев сайланды. Бұған дейін ол корпорацияның басқарушы директоры – басқарма мүшесі қызметін атқарған. Бұл туралы «ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз хатшысы Дамир Аспан Facebook-тегі парақшасында жазды.
Тағайындау • 02 Наурыз, 2020
Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды
Алматы облысы әкімінің өкімімен Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаев Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 02 Наурыз, 2020
Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлының өкімімен Тұрсынбаев Дархан Есалыұлы Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Бакировтың Facebook-тегі парақшасында жариялады.
Қоғам • 02 Наурыз, 2020
«Астана Опера» театры қандай қойылымдармен қуантады?
Елордалық «Астана Опера» театрының сахнасында наурыз айының көктемгі мерекелер қатары опера және балет спектакльдерінің қойылымдарымен, қазақстандық классикалық өнер жұлдыздары қатысатын қызықты да тартымды концерттік бағдарламалармен ұсынылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2020
Түркістан: Павлодарлық студенттер - байқау жеңімпазы
Түркістан облысында өткен «Hakaton Yassawi SmartTech» IT жобалар байқауы өз мәресіне жетті. Жарысқа еліміздегі 15 жоғары оқу орнынан 100-ге жуық үміткер қатысқан болатын.