Тағайындау • 02 Наурыз, 2020

Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы әкімінің өкімімен Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаев Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаев - 1968 жылы туған. Алматы халық шаруашылығы институтын, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін экономист және заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы зооветеринарлық институты «Ақсай» оқу-тәжірибелік шаруашылығының бухгалтері болып бастады. Әр жылдарда Алматы зооветеринарлық институты «Ақсай» оқу-тәжірибелік шаруашылығының экономикалық жоспарлау бөлімінің бастығы, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қаржылық бақылау комитеті басқармасының ревизор-бақылаушысы, аға ревизор бақылаушысы, бас ревизор-бақылаушысы, Алматы облысы бойынша мемлекеттік қаржы бақылау комитеті басқармасының бас ревизор-бақылаушысы, бөлім бастығының орынбасары, бастығы, Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша салық комитетінің бас салық инспекторы, сектор меңгерушісі, сектор бастығы, Алматы қаласы Түрксіб және Бостандық аудандары бойынша салық комитеттері бастықтарының орынбасары, Қызылорда облысы бойынша салық комитетінің бастығы, Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша салық департаменттерінің бастығы, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары әкімдерінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2019 жылдың мамыр айынан – Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болды.

Ал бұл қызметті атқарған Темірлан Амангелдіұлы Бектасов басқа жұмысқа ауысуына байланысты облыс әкімі аппаратының басшысы лауазымынан босатылды.

Соңғы жаңалықтар