Тағайындау • 02 Наурыз, 2020

Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

1188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлының өкімімен Тұрсынбаев Дархан Есалыұлы Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Бакировтың Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Дархан Есалыұлы - 1975 жылы 25 тамыз күні Жаңақорған ауданы Өзгент ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1996 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетін заңгер мамандығы, 2009 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған.

1996-1997 жылдары «Қыркеңсе» шаруашылық серіктестігі, экономика бөлімінде статист, 1998-1999 жылдары Астана қалалық әділет басқармасында және Алматы аудандық сотында сот орындаушысы, 2000-2004 жылдары Жаңақорған ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекші, 2004-2010 жылдары Маңғыстау облысының сот админстраторының орынбасары болған. 2010-2011 жылдары Батыс Қазақстан облысының соттары әкімшісі, 2011-2016 жылдары Маңғыстау облыстық соты кеңсесінің басшысы, 2016-2017 жылдары Маңғыстау облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысы, Маңғыстау облысы бойынша Жаңаөзен қалалық сотының судьясы.

2019 жылы Ақтау қаласында басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. Отбасылы, 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отыр.