Тағайындау • 26 Наурыз, 2021
«Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің жаңа жетекшісі тағайындалды
Кадрлық өзгерістерге байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Тимур Жұмырбаев «Adaldyq alany» жобасының жетекшісі - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. «Adaldyq alany» жобасының кураторы ретінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы Серік Егізбаев белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 26 Наурыз, 2021
Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы тағайындалды
ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Шойкин Ғалым ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2021
Алматының эпидемиялық ахуалына байланысты қала әкімі мен министр жиын өткізді
Бүгін қала әкімі Б.Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Денсаулық сақтау министрі А. Цойдың қатысуымен өткен алқалы жиында мегаполистің COVID-19-ға қарсы іс-қимылдың жүйелі мәселелері, сондай-ақ биылғы жылғы 17 наурызда өткен кеңес барысында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларының орындалу барысы қарастырылды. Бұл бойынша нақты жоспарлар қабылданды.
Теннис • 26 Наурыз, 2021
Әлемнің бұрынғы үздігін ұтқан Зарина Диас үшінші кезеңге шыға алмады
Теннистен Майамидегі WTA 1000 санатындағы турнир жалғасын табуда. Өкінішке қарай, қазақстандық Зарина Диас екінші кезеңде жеңілді деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 26 Наурыз, 2021
Сот сараптамалары органдарының материалдық-техникалық базасы 70% жаңартылды
Сот сараптамалары органдарының техникалық және технологиялық жағынан заманауи талаптарға сай қызметтерді жаңа ғимараттарда орналастыру мәселесі шешілуде, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап.