Теннис • 26 Наурыз, 2021

Әлемнің бұрынғы үздігін ұтқан Зарина Диас үшінші кезеңге шыға алмады

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Майамидегі WTA 1000 санатындағы турнир жалғасын табуда. Өкінішке қарай, қазақстандық Зарина Диас екінші кезеңде жеңілді деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлемнің бұрынғы үздігін ұтқан Зарина Диас үшінші кезеңге шыға алмады

Әлемдік рейтингте 89-шы орында тұрған Зарина екінші айналымда швейцариялық Белинда Бенчичпен кездескен болатын. Кездесуде екі сет қорытындысы бойынша WTA рейтингінде 12-ші орындағы Бенчич жеңіске жетті. 

Есеп - 6:1, 6:2. Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылған.

Айта кетелік, Майами турнирінің бірінші кезеңінде Диас әйгілі Винус Уильямсты жеңген болатын.