Тағайындау • 26 Наурыз, 2021

Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы тағайындалды

35 рет көрсетілді

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Шойкин Ғалым ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғалым Шойкин 1977 жылы Ақмола облысында туған.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген. 

Еңбек жолын 1994 жылы комбайнердің көмекшісі болып бастады.

1995-1996 жж. — өндірістік кооперативте тракторшы-машинист.

2000-2001 жж. — Л. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық қатынастар, саясаттану және әлеуметтану кафедрасында тағылымгер оқытушы. 

2001-2003 жж. — ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Жастар саясаты департаментінің өңірлік саясат және талдау жұмысы басқармасында түрлі қызметтер атқарды.

2004-2009 жж. — ҚР Президент Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2009-2012 жж. — «Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2012-2014 жж. — ҚР Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары.

2014-2017 жж. — ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы.

2017-2019 жж. — ҚР Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі.

2019 жылы Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2019-2020 жж. — ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту департаментінің директоры.

2020 жылғы мамырдан қазірге дейін ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары болды.

Соңғы жаңалықтар

Асыл ағаның шарапаты

Руханият • Бүгін, 00:08

Құймақұлақ

Руханият • Кеше

Газ бағасы неге қымбат?

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар