Таным • 02 Наурыз, 2020
«Отаным – жалғыз, ол – Қазақстан»
Атақты футболшы Евстафий Пехлеванидидің тарихи отаны – Грекияға қоныс аударғанына талай жылдың жүзі болса да, өзінің кіндік қаны тамған жерге деген сағынышы әлі басылмаған екен. БАҚ өкілдеріне берген әр сұхбатында ол үнемі Қазақстанға деген ыстық ықыласын білдіріп, қонақжай қазақ халқына әркез ақ алғысын жаудыруда.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2020
Елімізде бірнеше жыл қатарынан маңызды да ауқымды мереке – Алғыс айту күні аталып келеді. Көктемнің алғашқы күні, яғни 1 наурызда мерекеленетін бұл күн – елжандылықтың, қазақстандық патриотизмнің және ымыра бірліктің көрінісі. Бұл – тағдыр тәлкегімен қуғынға ұшырап Қазақстанға қоныс аударған этностардың Қазақ еліне ризашылығы мен бір-біріне деген риясыз құрметінің күні.
Руханият • 02 Наурыз, 2020
Айналамызға алғыс айта жүрейік, ағайын
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Аллаға мадақ, пайғамбарға салауаттар болсын! Қадірлі отандастар! Ардақты ағайын!
Қоғам • 02 Наурыз, 2020
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет қайраткері ретінде тұлғалық деңгейі бейбітшілік пен келісім саясатынан айқын көрінеді. Осы саясатының арқасында бәріміз гүлденген тұрақты елде өмір сүріп жатырмыз.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2020
Біз – Қармақшы ауданындағы Қашқансу аумағына кешегі депортация кезінде Қап тауынан келгендердің ұрпағымыз. Әкелеріміз сол бір қиын-қыстау шақта қабақ шытпай, қайта қолындағы барын берген қазақтардың қонақжайлығы туралы айтып отыратын. Өзімнің де кішкентайдан бірге өскен достарымның арасында қазақ жігіттері көп.