Қоғам • 01 Наурыз, 2020
Елорда әкімі тасқынға қарсы шаралардың барысын тексерді
Елордада су тасқынына қарсы сақтық шаралары жалғасып жатыр. Арықтарды, нөсер суына арналған кәріз жүйелерін тазарту, өзен арнасын қайта жаңарту және су реттегіш бөгет салу жұмыстары жалғасын табуда. Елорда әкімі Алтай Көлгінов су тасқыны қаупі бар ауданды қорғайтын үйінді бөгет салу жұмыстарының барысын тексерді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 01 Наурыз, 2020
Бүгін - Қазақстанда алғыс айту күні
Бүгін наурыздың бірінші күні Қазақстан халқы Алғыс айту күні мерекесін атап өтуде.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2020
Солтүстік полицейлері екі мал ұрлығын ашты
Солтүстік Қазақстан полицейлері 24 ақпаннан бастап «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыстарын жүргізуде. Оған криминалдық полиция бөлінісінің қызметкерлері ведомствосының басқа да қызметтерімен бірлесе отыра, ұрлықтың алдын алу және ашуға бағытталған жұмысты жандандыра түсті.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2020
Түркістан: Жетісай ауданында күн электр стансасы іске қосылды
Түркістан облысы Жетісай ауданында іске қосылған күн электр стансасы германиялық мердігер компанияның қаржысына салынған. Ауданға сапары барысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев күн электр стансасын іске қосу рәсіміне қатысып, шетел инвесторларымен кездесті.
Аймақтар • 01 Наурыз, 2020
Түркістанда «Yassawi Smart Tech» байқауы өтуде
Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өңірді цифрландыруға өз үлесін қоса алатын жаңа таланттар мен мамандарды анықтауға мүмкіндік беретін, инновациялық жобаларды қолдауға арналған, «Yassawi Smart Tech» байқауы өтуде.