Қазақстан • 26 Наурыз, 2019
#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті
Бүгін #NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысында қатысушылар елдегі саяси өзгерістерге назар аударып, «Қазақстан саясатының жаңа келбеті» тақырыбында сөз қозғады. Соған байланысты сарапшылар еліміздің алдында тұрған қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларға қатысты басымдықтар мен жаңа талаптар жайын талқылады.
Қазақстан • 26 Наурыз, 2019
Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды
Алматы қаласындағы Францияның Бас Консулдығы мен Француз Альянсы наурыз айының 26-сы мен 2 сәуір күндері аралығында «Франция мәдениеті» тақырыбында байқау ұйымдастырып, барлық қатысушылар назарына әлеуметтік желілердегі парақшаларында қатысу шарттарын ұсынып отыр.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2019
Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті. Ұлттық дәстүрді ұлықтаған сұлулар сайысы Жастар жылы қарсаңында арулар ордасында тұңғыш рет ұйымдастырылды.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2019
Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді
Еліміздің беделді ғалымдарының бірі – ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаев кезекті есебіне шешім тапқан СДУ-дің 1 курс студенті Жәния Кеңесоваға 100 АҚШ долларын ұсынды. Академиктің жасырған есебі – Азайту амалының тепе-теңдік дәрежесін есептеу болса, Жәния сол есептің бесінші дәрежелі тепе-теңдігіне шешім тапты. Азайту амалының келесі заңдылығын табуға академик 500 АҚШ долларын тігіп отыр.
Қазақстан • 26 Наурыз, 2019
Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды
ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі аталған басқарма төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің «Ұлы дала төсіндегі Ислам» кітабының негізінде «Рухани орындарға сапар» атты шығармашылық жобасын жариялаған болатын. Шығыс өңірінің 9-10 сынып оқушылары қатысқан бұл байқауға келіп түскен материалдарды тарихшы, журналистерден құралған қазылар алқасы мұқият сараптап, жеңімпаздарды анықтады.