Аймақтар • 28 Наурыз, 2020
Көкшетауда қауіпсіздік талаптары қатаң бақылануда
Әуе қатынасы, теміржол және автовокзалдардағы қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Адам көп жиналатын нысандар жаппай дезинфекцияланып жатыр. Бірқатарының қызметі уақытша шектелген немесе мүлдем тоқтатылған.
Таным • 28 Наурыз, 2020
Жүйрік сыны: Күңгейбай Тышабайұлының үлгісі
Күңгейбай Тышабайұлы шамамен 1898 жылдары Шыңжаң-Алтай өлкесі Күңгейті деген жерде туған адам. Кейінгі өмірі Қобда бетінде (Моңғолия), Қобданқол ауылында өткен. Атақты жортуылшы, ат сыншысы, атбегі Күкең 1986 жылы дүниеден өтті. Марқұмның артында не бір аңыз-әңгіме қалды.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2020
Алматы облысы: Індет белгісі анықталған тағы 3 адам оқшауланды
Жұқпалы індет белгісі табылған жетісулықтардың саны төрт адамға жетті. Бұған дейін вирус Қарасай ауданы аумағынан анықталған болатын. Бүгін тағы 3 науқастан коронавирус табылды. Олар Іле ауданы, Жамбыл ауданы және Қарасай ауданың тұрғындары екен. Қазір індет жұқтырғандар Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасында оқшауланған.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2020
Алматыда қамқоршысы жоқ қариялар ыстық тамақпен қамтылды
Алматы қаласында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету науқаны қарқынды жалғасып жатыр. Аты жаман індет әсіресе қарт адамдар үшін қатерлі болғандықтан, егде азаматтардың мейлінше үйден шықпағаны ләзім. Осыған орай Nur Otan партиясы мен қала әкімдігінің өкілдері еріктілермен бірлесе отырып, мейірімге мұқтаж қарт кісілердің үйлеріне азық-түлік тауарларымен қатар ыстық тамақ апарып берді.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2020
Италияда бір тәулік ішінде коронавирустан 969 адам қайтыс болды
Италия Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай жөніндегі комиссар Доменико Аркуридің мәлімдемесі бойынша, елде бір тәулікте коронавирустан қаза болғандар 969 адамды құраған. Елде жалпы қаза тапқандар саны 9134-ке жеткен.