Аймақтар • 28 Наурыз, 2020

Алматыда қамқоршысы жоқ қариялар ыстық тамақпен қамтылды

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету науқаны қарқынды жалғасып жатыр. Аты жаман індет әсіресе қарт адамдар үшін қатерлі болғандықтан, егде азаматтардың мейлінше үйден шықпағаны ләзім. Осыған орай  Nur Otan партиясы мен қала әкімдігінің өкілдері еріктілермен бірлесе отырып, мейірімге мұқтаж қарт кісілердің үйлеріне азық-түлік тауарларымен қатар ыстық тамақ апарып берді.

Алматыда қамқоршысы жоқ қариялар ыстық тамақпен қамтылды

«Біз біргеміз» акциясына білек сыбана кіріскен еріктілер қиын сәтте қаладағы жалғызбасты қариялардың қас-қабағына қарап, олардың ешбірін назардан тыс қалдырмауға тырысып бағуда. Оларға арнап аптаның жеті күнінде әр түрлі тағам дайындалмақ. Қамкөңіл жандарды күніне бір уақыт тамақтандыру акциясына танымал өнер адамдары мен спортшылар да үлес қосуда.

«Қарты бар елдің қазынасы бар. Біз ізгілік пен қайырымдылықтың айналасында топтассақ алынбайтын қамал жоқ. Жаратушы жар болса бұл қиын күндер де артта қалар. Ең бастысы елдігімізді танытып, бірлігімізді көрсетуіміз керек. Мұқтаж жандардың тізімін жасап, қолдан келгенше көмек көрсетуге тырысамыз дейді», ерікті Мақсат Дүйсенов.