Кәсіпкер • 21 Наурыз, 2026
Алматы облысында ұлттық тағам мәдениетін жаңаша сипатта танытатын ерекше гастрономиялық өнім өндіріле бастады. Ол – түйе сүтінен дайында-латын балмұздақ. Еңбекшіқазақ ауданы Сарыбұлақ ауылында өндірілетін бұл десертті тұтынушылар «қазақ балмұздағы» деп атап кеткен.
Digital • 21 Наурыз, 2026
Цифрлық дәуірдегі мүмкіндіктер
Кейінгі жылдары елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағытында бірқатар маңызды жоба жүзеге асып жатыр.
Көрме • 21 Наурыз, 2026
Ұлытаулық суретші-реставратор, Суретшілер және Дизайнерлер одақтарының мүшесі, музей ісінің үздігі Ерғазы Кеңесұлы сияқты алтын қолды шебердің қолынан шыққан құнды дүниелерді көргенде ата-бабамыздан қалған мұраның мәңгілік өлмейтініне көз жетеді. Ұлытау облысының Тарихи-археологиялық музейінде Ерғазының қолынан шыққан жүздеген экспонатқа куә боласыз. Біраз дүниелері қорда жатыр. Қарағанды өлкетану музейінде 40-қа жуық жұмысы бар.
Дәстүр • 21 Наурыз, 2026
Шымкентте республикалық «Жарапазан Fest» байқауы өтті. Еліміздің әр өңірінен командалар келіп қатысты. Өнер ұжымдары өз аймақтарының мақамымен Жарапазан жырын орындап берді.
Наурызнама • 21 Наурыз, 2026
Наурыздың рухын асқақтатқан ән
«Наурыз айы туғанда,Той болушы еді бұл маңда.Сақталушы еді сыбаға,Сапарға кеткен ұлдарға,Наурыз айы туғанда…»Көктемнің лебін сездіріп, көңілге қуаныш ұялататын осы бір әуезді жолдарды естіген сәтте әр қазақтың жүрегінде ерекше бір сезім оянады. Өйткені бұл ән – тек әуен ғана емес, ол – халықтың жаны, дәстүрі, тарихы мен рухының үні.