Өнер • 22 Наурыз, 2025
Әлемдік брендтердің төркіні –көшпелілерден
Кейде таныс бір хош иіс балалық шағымызды, туған үйімізді, ауылымызды, еске түсіріп, жүректі жылытады. «Maison Okami» шамдары дәл осы сезімдер арқылы адамдарға ұмытылмас эмоция сыйлайды.
Кәсіпкер • 22 Наурыз, 2025
Қазақтың құрақ көрпесі АҚШ-қа қалай жетті? Африка, Үндістан мен Түркия төрінен оюлы жастықтар қалай орын алды? Бұл сұрақтың жауабын Түркістан облысының кәсіпкері Ұлболсын Өскенбайқызынан сұрадық.
Өнер • 22 Наурыз, 2025
Ұлттық нақыштағы бұйымдарға деген қызығушылық артқан сайын бұл бағытта жұмыс істейтін кәсіпкерлер де көбейіп келеді. Бірі құрақ көрпе тігіп, киім дайындаса, енді бірі интерьерді ою-өрнекпен сәндеп, кеңістікті қазақы болмысқа бейімдеп жүр. Енді бірі білте шам жасап, экологиялық таза өнімге қазақы өң береді. Олар үшін мұның бәрі – жай ғана қолөнер емес, тұрақты табыс көзі де. Қоңыр реңкті нарыққа бейімдеп, дәстүр мен кәсіпті үйлестіре білген кәсіпкерлер өз орнын тауып, тұтынушы талғамына сай жаңа тренд қалыптастырып отыр.
Өнер • 22 Наурыз, 2025
Қолөнер қазынасы сақталған мекен
Шулы қаланың беймаза тірлігінен бір сәт бой сергітіп, Алма-арасан шатқалын бетке алдық. Тау баурайындағы жетпіске жуық түтіні бар аядай мекен «Шеберлер ауылы» деп аталады. Бағзыдан қалған баба мұрасын бүгінге жалғап, темірден түйін түйген ұсталар, ағаш пен тері шеберлері тұрады мұнда. Шаруасы шалқып жатпаса да, атакәсіптің алтын арқауын үзбеген азаматтар ұлттық құндылықтарымыздың шынайы жанашырлары.
Наурызнама • 22 Наурыз, 2025
Соңғы ширек ғасырда Наурыз мейрамының тарихы мен тағлымы хақында көп жазылып жүр. Десек те әлі бірізділік байқалмайды. Өйткені бұл мейрамның ғұрыптық негізінің әуелгісі, қара жердің бауыры жібіп, тоңы еріп, жеті қат терең өзегіне нәр жүгірген сәті болса, екінші маңызы – күн мен түннің теңелуі.