Мереке • 29 Наурыз, 2025
Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін Түркия елінде қарсы алып, бірнеше іс-шара өткізді. Ыстанбұл қаласында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның өзі қатысқан үлкен концертте «Атамекен» фольклорлық ансамблі бес мемлекеттен келген өнер ұжымдарына жетекшілік етті.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2025
28 наурыздың түнінде Меркі ауданы мен Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғындары жер дүмпуінен шошып оянды. Жер сілкінісі Құлан мен Меркіден бөлек Тараз, Шу қалалары мен Мойынқұм ауданына дейін жетті.
Ұлттық спорт • 29 Наурыз, 2025
ЮНЕСКО-да ұлықталған ұлттық ойын
Парижде ЮНЕСКО-ның Хатшылығына адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енген тоғызқұмалақ ойынының тақтасы тарту етілді. Игі іс еліміздің ЮНЕСКО-дағы Тұрақты өкілдігінің қолдауымен жүзеге асты.
Өшпес даңқ • 29 Наурыз, 2025
Батыр есімі ескерусіз қалмаса екен
Жеңіспен оралған соң соғыс қиратқан ел экономикасын қалпына келтіру жолында бел шешпей ұзақ жыл бойы еңбек етіп, туған жерінің гүлденуіне бар ғұмырын арнаған майдангерлердің орны – бір төбе. Сондай ардақты жандардың бірі – Шаңқұл Қаженов 1913 жылы Гурьев облысы Еспұл ауданында, қазіргі Атырау облысы Индер ауданы №1 ауылда туған.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2025
Президент тапсырмасымен Екібастұзда ашылған «Самғау» балалар шығармашылығы орталығы қала балаларына шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше мүмкіндіктер ұсынады. Орталық 9 мыңнан астам жас талантты, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды да қабылдай алады.