
«Самғау» орталығында түрлі шеберлік сабақтары мен шығармашылық дәрістер өткізетін 50-ден астам білікті педагог жұмыс істейді. Орталық Екібастұз қаласы балаларының 70%-на дейін қосымша біліммен қамтып, олардың қабілеттерін ашып, шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға көмектеседі.
Бірінші қабатта би және театр залдары, сондай-ақ жеке музыка дәрістеріне арналған бөлмелер мен 275 орындық көрермен залы орналасқан. Балалар хореографиямен, театр өнерімен, вокалмен, аспапта орындау шеберлігімен айналыса алады.
Екінші қабатта биология зертханасы, ландшафтық архитектура мен флористикалық дизайн студиялары, дебат, медиа орталықтар, сондай-ақ fashion-студия бар. Үшінші қабат толығымен IT-технологияларға арналған: мұнда роботтехника мен компьютерлік модельдеу клубтары орналасқан.
Сонымен қатар Орталықта психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеттері, үстел теннисі аймақтары, жаттығу залы бар.