Ұлттық спорт • 21 Наурыз, 2025
Былтыр Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтті. Этноспорт аламанында көпшіліктің назары ат спорты, оның ішінде бәйге түрлеріне ауғаны анық. Төрткүл дүние назарын аударған «Ертеден салса кешке озған, ылдидан салса төске озған» арғымақтардың да дүбірі көптің есінде. Әсіресе аламанның алды болған Айқабақ арғымақ.
Ғалам ғажаптары • 21 Наурыз, 2025
Бауырсақ пісіруден рекорд орнатқан
Өткен жылы Қостанай облысының Қамысты ауданында бауырсақ пісіруден әлемдік рекорд орнатылды.
Ұлттық спорт • 21 Наурыз, 2025
Ағайындылардың әуестігі – тазы жүгірту
Ағалы-інілі Абатовтардың шойын жолда жұмыс істеп жүргеніне ширек ғасырға жуықтады. Бірі Тараз стансасында маневр диспетчері ретінде тер төгіп жүрсе, екіншісі ВЧД-27 Жамбыл вагон пайдалану депосында аға вагон қараушы ретінде өз ісін жетік меңгерген. Теміржолдың тынымсыз тіршілігіне төселген Мақсат пен Бағдаттың өз хоббиі бар. Жауапкершілігі мол жұмысты еңсеріп жүрген олар әредік тазы жүгіртіп, саятшылық құруды да әдетіне айналдырыпты.
Ғалам ғажаптары • 21 Наурыз, 2025
3 мыңнан астам мектеп оқушысы бір мезетте «Қамажай» биін билеп, жаңа рекорд орнатты. Мұндай ауқымды іс-шара бұрын-соңды болмаған.
Спорт • 21 Наурыз, 2025
Қазақ күресінен әлем чемпионаты аяқталды
Жуырда Үндістанның Дели қаласында қазақ күресінен кезекті әлем чемпионаты өтті.Ерлер мен әйелдер арасында өткен жаһан додасына әлемнің 20 елінен келген балуандар белдесті. Жалпы есепте біздің спортшылар көш бастады.