Қоғам • 22 Наурыз, 2024
Түркі әлемі: кешеден – келешекке
«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген мақал тамыры бір, тарихы ортақ түркі жұртының ауызбірлігіне қарата айтылғандай әсер қалдырады. Жыл санап ықпалы мен беделі артып жатқан бауырлас халықтардың басын қосқан ұйымдарға халықаралық қауымдастық та қызығушылық танытып отыр.
Мереке • 22 Наурыз, 2024
Наурыз - тарихтан тамыр тартқан мереке
Қыстан қалған қасат қармен қатар көңілдің де тоңы жібіп, адамзат атаулының айрықша күтетін ұлық мейрамы бар, ол – Наурыз. Көктеммен бірге өміріне де шуақ, шапағат кіреді деп сенген халқымыз Наурыз мерекесін «Ұлыстың ұлы күні», «Әз Наурыз» деп айрықша әспеттеген. Сондықтан болса керек, қазақта Наурыз бір күн емес, тұтас ай бойы тойланады. 14 наурыз – Амал, Көрісу күнінен басталған мейірім мейрамы айдың соңына дейін жалғасады. Әр сәтіне мағына сыйдырған көшпелі халықтың көнеден жеткен төл мерекесінің тұтас ұлттың ұстынын айқындаудағы мәні де, маңызы да зор.
Пікір • 22 Наурыз, 2024
Әр жылдың Наурызында ел тарихының жаңа бір парағы ашылып, өткен мен бүгіннің парқын айқындауымызды – әділеттіктің жөні деп қабылдаймыз. Байсалды бабаларымыз «Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке!» деген тілегін үйлесімділік Иесіне бағыштағаны анық.
Аймақтар • 22 Наурыз, 2024
Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы болған Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мейрамын Қонаев қаласының тұрғындары орталық алаңда дүркіретіп тойлады. Облыс орталығында аталып өткен іс-шара, Мемлекет басшысы атап өткендей, тұтас елді қамтитын жалпы халықтық мейрам ретінде өткізілді.
Өнер • 22 Наурыз, 2024
ВАТИКАН МУЗЕЙІНДЕГІ ҚАЗАҚ ҚОБЫЗЫ
Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы қобызға ұқсас аспаптар әлемнің көптеген елінде бар. Алайда Қорқыт бабаның шер-зарын жетер жеріне жеткізген қасиетті қобыздың жөні қашанда бөлек. Қайбір жылы Әулиеата төрінде дәстүрлі республикалық «Жезкиік» қобызшылар байқауы өтпей қала жаздады. Сол кезде «кәсіби қобызшылар да Қызыл кітапқа еніпті ғой» деп қапа болған едік. Олай емес екен...