Экономика • 26 Наурыз, 2023
S&p: Мұнай экспорты әртараптанса, рейтинг көтеріледі
Әрине, S&P халықаралық рейтинг агенттігі дәл мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Бірақ Қазақстанға қатысты бағалау мәтінінің астарына үңілсек, осындай емеурінді аңғару қиын емес. Жақында ғана олар Қазақстанның дербес несие рейтингін «негативтен» «тұрақтыға» ауыстырды. Былтыр Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысындағы бірнеше рет қайталанған іркілістен кейін агенттік Қазақстан экономикасының өсімі баяулауы мүмкін деп қауіптеніп, рейтингті «негатив» деңгейіне төмендетіп тастаған еді. Агенттіктің хабарлауынша, ел экономикасының тұрақты фискалдық және сыртқы теңгерімдері – Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды фактор. Бұл ретте өтімді сыртқы активтердің болуы Қазақстанның фискалдық тұрақтылығына оң әсерін тигізеді.
Денсаулық • 26 Наурыз, 2023
Павлодарлық ақ желеңділер жаңа туған сәбидің өмірін сақтап қалды. Шақалақтың асқорыту және ішек мүшелері анасының құрсағында жатқанда толыққанды жетілмей, туған сәтте денсаулығынан ауытқулар байқалған.
Медицина • 26 Наурыз, 2023
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейтін тәмсілдің маңызы әлі де жойыла қойған жоқ. Солай десек те, Атырау облысында 14 жасқа дейінгі балалар арасында түрлі аурудың көбейгені байқалады. Тіпті қызылшаны жұқтырғандар да бар.
Медицина • 26 Наурыз, 2023
Тумысынан жүрмеген қызды аяғына тұрғызды
Елордада Н.Ж.Батпенов атындағы ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының дәрігерлері бала кезінен ауырған, туа бітті остеогенезі жетілмеген, екі аяғының деформациясы бар 25 жастағы қыз баланы аяғынан тұрғызды.
Қоғам • 26 Наурыз, 2023
Жақында Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Мемлекеттік құпияларды қорғау қызметінің мамандары күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.