Әділетті әрі дер кезінде қабылданған шешім
Алматы облысына жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Асқар Мамин Астана қаласының Нұр-Сұлтан қаласы болып қайта аталуына қатысты пікір білдірді.
Тұңғыш сапар Түркістаннан басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына барды. Бұл – оның Мемлекет басшысы ретінде аймаққа жасаған алғашқы сапары. Халықпен кездесу барысында «Тұңғыш Президенттің саясатын жалғастыра беремін» деген Қасым-Жомарт Тоқаев өзі назар аударып, жұмысты күшейтетін бірнеше бағыт жайлы баяндады.
Наурыз мерекесі қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументі алдында орналасқан этноауылға барды. Этноауыл аумағында театрландырылған көріністер, ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар, қолөнершілер көрмесі және ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін шаралар ұйымдастырылды.