Инфографика • 23 Сәуір, 2024
Қоғам сұранысына қарай денсаулық сақтау саласына қатысты заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Себебі пациенттердің, медицина мамандарының игілігі үшін қабылданатын жаңа стандарттар мен ереже-талаптар арқылы саладағы жұмысты біршама ширатуға болады. Мысалы, бірер күн бұрын ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде вейптерді сатуға, тасымалдауға тыйым салатын заңға қол қойып, көптің көңілін күпті еткен мәселеге нүкте қойды.
Су тасқыны • 23 Сәуір, 2024
Еліміздің бірнеше өңірінде тасқын судың қаупі әлі де сейіле қойған жоқ. Жайық өзені шекті деңгейінен көтеріліп, жағалай қонған жұртты әбігерге салып отыр. Төтенше жағдай болған өңірлерде тұрғындарды табиғи апаттан құтқару жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Мәселе • 23 Сәуір, 2024
Шекаралық аудандар қамқорлыққа зәру
Әр елдің шекарасының беріктігі мен тұтастығы ұлттық стратегиясының басым бағытына жатады. Еліміздің 14 өңірінде 65 аудан 5 мемлекетпен шектескен. Шекара маңындағы елді мекендердегі әлеуметтік нысандар, шағын және орта бизнес, туризм, сауда, жұмыс орындарын құру, халықты тұрақтандыру тетіктерін әрдайым назарда ұстап, ұдайы жетілдіріп отыру – уақыт пен қоғам талабы.
Өндіріс • 23 Сәуір, 2024
«Saf loria» майы – сапалы өнім
Өңірге инвестор тартуға жергілікті билік мейлінше ықыласты. Өйткені облысқа әлеуетті инвестор келсе, тұрақты жұмыс орны да көбейеді. Сөйтіп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтудың мүмкіндігі молаяды. Облыс басшысынан бастап салаға жауапты мамандар бүгінде шетелдік инвесторларды тартуға күш салып жатыр.
Аңдатпа • 23 Сәуір, 2024
Аңдатпа: Кітап алсаңыз, кофе тегін
23 сәуір - Алматыда «Coffee book» кітап кофеханасы ашылады. Кітап сатып алған адамға кофе тегін. Сондай-ақ осы аптаның соңына дейін Mazmundama баспасы кітаптарының бағасын 30% шегеріп сатады.