Президент • 20 Сәуір, 2017
"Жастар жат уағыздарға ерсе, мемлекетіміздің болашағы не болмақ?"
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездесті, деп хабарлады akorda.kz.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2017
Ширек ғасырда шыңдалған құрылым
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің (МКҚ) мәртебелі міндеті – тәуелсіздіктің үш тағаны – тұтастық, тыныштық пен тұрақтылықты кірпік қақпай күзету. Сондай-ақ, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларының қауіпсіздігін қорғау, ел мен жердің мәртебелі нысандарын, қасиетті нышандарын сақтау – аталған құрылымның басты борышы. Бұл жауапты міндетті мінсіз атқару үшін МКҚ қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қойылатын негізгі талап – қырағылық, ұқыптылық, батылдық пен батырлық секілді қасиеттер.
Футбол • 19 Сәуір, 2017
Қазақ футзалының бүгіні мен ертеңі
Бастау. Қазақ елінің футзалы дәурендеп тұр. Айналдырған оншақты жыл ішінде дүниенің дүркіреген додасында топ жарып жүр. Қазақ топырағына Еуропа Кубогын да, Еуропа біріншілігінің қола жүлдесін де әкелді. Қос құрлықты жалпағынан жайлаған алпауыт Ресей өткізетін өте беделді «Еременко Кубогын» үш рет жеңіп алды. «Қайрат» командасы жақында ғана кубокты Ресей топырағынан тартып әкетті. Өздері тағайындаған жарыс кубогын өзгеге ұстата салатын Ресей емес. Кіші футбол қарқыны бұл елде де жоғары. «Газпром-Югра», «Дина», «Сибиряк», «Динамо» суперлигада ойнайтын 11 команда ішіндегі тас шайнап, құм бүркетін азулылар. Бұл – «Қайраттың» Еуропадағы ең мықты командалардың бірі екенін айқындап тұр. «Қайрат» командасы да, негізін осы клуб ойыншылары құрайтын Қазақ елі құрамасы да қазір үлкен мақсат жолында...
XVIII-XX ғасырлар аралығы қазақ халқын жойқын сындармен қарсы алды, екі ғасырға жуық уақытқа созылған қалмақ-жоңғар соғыстарынан аман өтсе, алда одан да қауіпті әрі қитұрқы ресейлік отарлау саясаты күтіп тұрған еді. Осындай сын кезеңдер жауынгер тұлғаларды ғана емес, батырлығы, билігі үзілмеген тұтас бір әулеттерді де дүниеге әкелді. Биыл туғанына 230 жыл толғалы отырған Дәуіт Асауұлы да қазақ даласындағы осындай батырлығы мен билігі үзілмеген атақты әулеттердің бірінен тараған болатын.