Спорт • 22 Сәуір, 2024
Өткен аптада Шымкент қаласында жалауын көтерген жамбы атудан Азия чемпионаты аяқталды. Бұл жарысқа сары құрлықтың 14 мемлекетінен келген 60-қа жуық мерген «Мажар», «Азия», «Түрік» стильдері, халқымыздың дәстүрлі жауынгерлік өнері жамбы ату бойынша сынға түсіп, өзара мықтыларды анықтады.
Теннис • 22 Сәуір, 2024
Германияның Штутгарт қаласында өткен жүлде қоры 802 237 долларды құраған WTA турнирі Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакинаның айқын жеңісімен аяқталды.
Қоғам • 22 Сәуір, 2024
Алатау айналған поэзия үйлесімі
Кеше Астанадағы Достық үйінде Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулет пен Қырғыз Республикасының Халық ақыны, Тоқтағұл атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның мәдениет қайраткері Акбар Рысқұлдың «Егіз елдің екі ақыны» атты бірлескен шығармашылық кеші өтті.
«Таза Қазақстан» • 22 Сәуір, 2024
«Таза қаладан жасыл планетаға дейін»: Курчатовта «Жасыл аймақ» апталығы өтті
«Таза қаладан жасыл планетаға дейін». Курчатов қаласында осындай атаумен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағзым • 22 Сәуір, 2024
Жетісу топырағынан нәр алған ғаламат ақын Ілияс Жансүгіровке ел-жұрты көктем сайын құрмет көрсететін әдеті. Дегенмен биылғы жиынның жөні бөлек болды. Себебі қаламгердің дүниеге келгеніне – 130 жыл. Осы ретте ақын атындағы музей ұжымының мұрындық болуымен «Тау тұлғалы Ілияс» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.