Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
Маңғыстаудан 9 бала республикалық орталықтарға жеткізілді
Covid-19 вирусына байланысты әлемде пандемия жарияланған күннен бастап, елімізде төтенше жағдай енгізілгені белгілі. Бұл ретте өңірде карантин жарияланып, санитарлық-эпидемиологиялық тұрғыдан жағдай тұрақсыз болуына орай, Маңғыстау өңірінен 2 айлық сәби және 11 жасқа дейінгі барлығы 9 бала емін республикалық емдеу мекемелерінде жалғастырады. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 27 Сәуір, 2020
«Қазақфильм» Ұлы Отан соғысына арналған фильмдерді көрсетілімге шығарды
Ұлы Жеңістің 75 жылдығы жақындап келеді. Бұл мереке қазақстандықтар үшін ерекше маңызды. 1941 жылы Қазақ КСР-інен 1 200 000-нан астам сарбаз майданға жұмылдырылды, олардың әр екіншісі майдан даласында қаза тапқан.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемсараптама саласындағы шараларды талқылады
Осы жылдың 24 сәуірінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Мемсараптама» РМК-нің Батыс өңірі бойынша филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс аясында қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде жолданған ұсынымда көрсетілген мәсәлелер бойынша «Мемсараптама» РМК басшылары мен оның өңірлік филиалдарының қатысуымен онлайн режімде жиналыс өткізді.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
Түркістан: Құрылысқа жергілікті тұрғындар тартылады
Құрылыс жұмыстары Түркістан облысының аудандарында да қарқын алып келеді. Мысалы, Түлкібас ауданында үш бірдей білім ұясында күрделі жөндеу жұмыстары басталмақ. Білім ошақтарына «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен тиісті қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемелер анықталған.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
Қызылордада жақын танысының сеніміне кіріп, оның төлқұжат нөмірі мен банк картасын пайдалану арқылы алаяқтық жасаған 26 жастағы азаматша сот алдына келді. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.