Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Түркістан: Құрылысқа жергілікті тұрғындар тартылады

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрылыс жұмыстары Түркістан облысының аудандарында да қарқын алып келеді. Мысалы, Түлкібас ауданында үш бірдей білім ұясында күрделі жөндеу жұмыстары басталмақ. Білім ошақтарына «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен тиісті қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемелер анықталған.

Түркістан: Құрылысқа  жергілікті  тұрғындар тартылады

А.Байтұрсынов атындағы мектептің ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарымен қатар электр және дабыл қағу жүйесі толығымен жаңартылады. Сонымен қатар, М.Ломоносов мектеп гимназиясының кәріз, желдеткіш жүйелері жаңартылса, Г. Титов жалпы орта мектебіне жаңа жылу жүйесі орнатылмақ. Аталған мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталып, жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі. Құрылыс жұмыстарына тартылатын жұмысшылардың 50 пайызын жергілікті тұрғындар құрағалы отыр. Бұл еліміздегі төтенше жағдай кезінде жұмыссыз жүрген аудан тұрғындарына айтарлықтай қолғабыс болмақ.

Ал Төлеби ауданында соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша 5 қабаттан тұратын 10 тұрғын үй бой көтеріп, бас-аяғы 540 пәтер пайдалануға берілген. Биыл Ленгір қаласындағы 1-мөлтек ауданында 5 қабаттан тұратын әрқайсысы 20 пәтерлі 9 үйдің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Олардың жалпы аумағы - 11 000 шаршы метр, 180 пәтер. Бүгінгі таңда мердігер мен инжинирингтік қызмет көрсетуші мекемелер анықталып, келісімшарт жасалуда. Яғни, келесі жылы ауданда 180 отбасы баспаналы болады.

 

Түркістан облысы