Санитарлық авиацияның көмегімен Алматы қаласындағы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына 5 бала, ал Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталығына 4 бала жіберілді. Емделуші 9 бала үстіміздегі жылдың 16 наурызы мен 21 сәуір аралығында жолдамамен жіберілген болатын.
Маңғыстау облысы көпбейінді балалар ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Гүлжан Ермекбаеваның айтуынша, медициналық ұйым карантин режимінде жұмыс жасауға көшкен. Бұл ретте ауруханада жоспарлы оталар және кейбір емделушілерді жатқызуға шектеу жасалған. Ал аудандармен байланыс үзілген жоқ, барлық медициналық кеңестер телемедицина арқылы жүзеге асырылады.
- Негізінен республикалық орталықтарға субүйрек, несеп-тас ауруы, өткір аққандылық, туа біткен жүрек кемістігі, бас миы ісігі, муковисцидоз диагнозымен жіберіледі. Айта кету керек, егер кішкентай науқаста бірінші рет аққандылық (лейкоз) анықталатын болса, химиялық тәсілмен емдеу тек Алматы шаһарында ғана өткізіледі. Ал, біз өзіміздің ауруханада демеуші ем жүргізетін боламыз. Жоғарыда атап өткен 9 баладағы аурудың асқынуына байланысты Алматы және Нұр-Сұлтан қаласындағы ұлттық орталықтарға жіберу туралы шешім қабылданды, дейді Гүлжан Ермекбаева.
Маңғыстау облысы