Қазақстан • 19 Сәуір, 2017
Жарна төлеуші жұрт нені білгісі келеді?
Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен жыл басында қазақстандық медицина қауымдастығы үшін өте өзекті 100 мәселені анықтау мақсатында «100 мәселе – 100 шешім – 100 күн» атты әлеуметтік науқан ұйымдастырылған болатын. Медициналық қызметті оңтайландыруға және сапасын арттыруға негізделген ұсыныстар мен сауалдар қатарында елімізде енгізілетін медициналық сақтандыру жүйесі туралы да бірқатар сұрақтар кездесті. Бұл қоғам үшін маңызды мәселелер болып отырғандықтан, өңірлер мен орталық қалалардың тұрғындарын мазалаған негізгі мәселелерді назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Бокс • 19 Сәуір, 2017
Головкин мексикалық боксшы Рамиреспен жұдырықтасуы мүмкін
Екінші орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы мексикалық Хильберто «Зурдо» Рамирес (34-0, 24 KO) пен орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF титулдарының иегері қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) жекпе-жегі өтуі мүмкін. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2017
Туымыз – татулық пен тұрақтылық
Бүгінде Шығыс Қазақстанда 14 Достық үйі жұмыс істейді. Өңірде 115 этномәдени бірлестік бар. Өткен жылы Катонқарағай ауданында Достық үйі пайдалануға беріліп, қазақ, орыс, неміс этномәдени бірлестіктері жұмысын бастады. Сонымен қатар, Риддер қаласында казак, Глубокое ауданында дүнген этномәдени бірлестіктері ашылды.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2017
«Балбырауынға» байланысты бұрынғы-бүгінгі буынды қайдам, алпыстың ауылына ат басын бұрған өзімнің біршама білгенім беріде. Көзі ашық, көкірегі ояудың құлағына ғаламат күйдің күмбірі, сол күйдің желісінде қойылған биді орындаушы ару шолпысының сылдыры естілер. Содан соң? Содан соң тынды! Ал бүгінгі әңгіменің өзегі – «Балбырауын» кен орны.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2017
Республикада алғашқы рет өткізілген «Жігіт сұлтаны» конкурсында бас бәйгені жеңіп аламын деген ойы жоқ бұ жігіт «Көктөбе» ауылында көптен қалмай «Атамекен» деген атағы дардай, қаржысы жоқ фирма құрып, директоры болып шіреніп жүргенде Темірланда облыстық «Жігіт сұлтаны» байқауы өтетінін естиді.