Бокс • 19 Сәуір, 2017
Шүменов-Дортикос жекпе-жегі Қазақстанда көрсетіледі
«Kazsport» телеарнасы қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов пен кубалық Юниер Дортикос арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2017
Арт-орталық өнер жетістіктерін паш етеді
ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында әлемдік өнер жетістіктеріне және танымдық оқу-ағарту мәселелеріне арналған шаралар да мол болатын сыңайлы. Оған кеше көрме қалашығы аумағында шаңырақ көтерген «Astana Contemporary ArtCenter» орталығы павильонының тұсаукесерінде көзіміз жетті.
Ұлттық спорт • 19 Сәуір, 2017
Қазақтың бай тілінде «мерген» дейтін сөз бар. Бұл атқан оғы жерге түспейтін садақшыларға қарата айтылған ұғым. Ертеде мергендік өнер ұлыс бекемдігі үшін баға жетпес құндылық саналған. Сондықтан да, көшпенді халқымыз ер баланы жастайынан садақ атуға үйретіп, елін қорғауға тәрбиелеген.
Футбол • 19 Сәуір, 2017
Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының турнир кестесі тур өткен сайын түрленіп келеді. Біріншілікті кібіртіктеп баяу бастаған «Астана» бауырын жазып, бесінші жеңісіне қол жеткізді. Сөйтті де, топ басына шықты. Жетінші турда теміржолшылар «Оқжетпес» қақпасының алдын ойран қылды.
Жазғы спорт • 19 Сәуір, 2017
«Атырау спортында тоқырау жоқ»
Өткен жылы атыраулық спортшылар түрлі дәрежедегі 394 медальға ие болды. Мұнан бөлек, мұнайлы аймақ халқының 25,9 пайызы спортпен шұғылданады. Мектеп жасындағы он үш мыңға жуық жасөспірім бокс, баскетбол, футбол, хоккей, су спорты секілді спорт түрлерінен үйірмелерге қатысады. Кәсіби және бұқаралық спортты дамыту бағытында өңірде өркенді істер бар. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат БЕКЕТПЕН әңгімеміз саладағы жаңалықтар жайында өрбіді.