Таным • 27 Сәуір, 2020
Қостанай облысының Меңдіқара ауданында Айрауық деген ауыл болған. Қазір картада жоқ. Қазақы қараша ауылды тың игерген жылдары заман соқасы топырағымен қопарып алып, тарихтың терең қатпарына тығып жіберген. Бүгінде бірен-саран ескі көз қариялардың есінде қалмаса, жалпы жұрттың жадында жоқ. – Айрауық, – десең, – А? – дейді. Қазақтың көрнекті ақыны, аудармашы, Жамбылдың жырын хатқа түсірген Қасым Тоғызақов осы Айрауықтың төл перзенті. Қасымның тағдыры да Айрауық секілді. Тірлігінде тауқымет азабын көп тартты. Бірнеше рет Сібірге айдалды. Өмірден үлкен қасірет арқалап өтті. Өлген соң есімі атаусыз қалып, шығармалары оқылмай қалды. Биыл күзде Қасым Тоғызақовтың туғанына 110 жыл толады. Көрнекті қаламгердің мерейтойына орай, ең құрығанда аймақтық деңгейде ғылыми конференция ұйымдастырып, қазіргі Ломоносов ауылдық округін Айрауық деп ауыстырып, елді мекеннің тарихи атауын қайта тірілткен жөн. Облыс орталығынан Қасымға көше берілсе де артық емес. Былтыр Қостанайға келген сапарында алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай: «Бұл қалада қолында Алаш арыстарының қаны бар Дзержинский көшесі әлі тұр екен» деп қатты қынжылған еді. Біздіңше, ақынға осы көше лайық. Аруақ разы болмай, тірі байымайды.
Таным • 27 Сәуір, 2020
Коучингтің көкесі – бабалар мұрасы
Күн сайын құбылған алмағайып кезеңде замана ағымына неғұрлым тез бейімделіп, басқалардан бұрынырақ әрі жүйелі әрекет еткендердің аты озып, атағы шығып, материалдық жағдайы жақсаратыны түсінікті. Кейінгі жылдары коуч, коучинг, коучер деген ұғымдар тірлігімізге біршама дендеп енгені осыған байланысты болса керек.
Руханият • 27 Сәуір, 2020
Пандемияға байланысты елімізде болып жатқан жағдай кезінде мемлекетіміздің көмекке мұқтаж жандарды назардан қалдырмай, қол ұшын беріп жатқанына алғыс айтқым келеді.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2020
Қабылданбаған өтінімдер қайта қаралады
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов облыс тұрғындары үшін 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемнің төңірегіндегі кейбір түсініксіз жайттарға қатысты сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді.
Саясат • 27 Сәуір, 2020
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында көктемгі егіс науқаны мен шаруаларды қаржыландыру жұмыстарының атқарылу барысына арналған баспасөз мәслихаты өтті.