Руханият • 27 Сәуір, 2020

Қолдауды айқын сезіндік

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пандемияға байланысты елімізде болып жатқан жағдай кезінде мемлекетіміздің көмекке мұқтаж жандарды назардан қалдырмай, қол ұшын беріп жатқанына алғыс айтқым келеді.

Қолдауды айқын сезіндік

Бала күтімімен демалыста отырмын. Үш баланың анасымын. Күйеуім өзін өзі жұмыспен қамтып, отбасын асырап жүрген азамат. Төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік төлем – 42 500 теңге төлем шотыма түсті. Қазіргі кезде жұмыс орындары уақытша тоқтап, қалада карантин жарияланған кезде бұл қаражаттың берілуі, расында, біз секілді отбасыларға көмек болды.

Қолда барды қанағат тұтып, қиын-қыстау кезеңде қиындықтан шы­дам­дылықпен бірлесіп, тәртіпке бағынып шықсақ деймін. Қазір теледидар, әлеуметтік желі арқылы елімізде болып жатқан әрбір жаңалықты жібермей көріп отырмыз. Президентіміз тарапынан жасалып жатқан игі істің барлығынан хабардармыз. Отбасымыздың атынан алғысымыз шексіз.

 

Айман КЕРІМБАЙҚЫЗЫ,

Шымкент қаласы Абай ауданы «Құрсай» шағын ауданының тұрғыны