Әдебиет • 20 Сәуір, 2023
Қазақ даласына қаншама жылдан бері биыл соқты Отамалы. Қазақ баласы ұмытуға айналған Отамалы оңдырмайды деуші еді, бұл жолы да жетістірмеді. Отамалыны өлтірген бес күн соққан борандай бүріп келді. Жалаңаштанған жер бүрісті, жермен бірге ел бүрісті. Енді түспестей еріп жоғалған қар бір-ақ күнде қаланың аузы-мұрнын бітеп тастады. Қалада мұндай болғанда, далада мал баққан елдің жайы не болды екен дестік. Аттың беліне қарап қалған бұрынғы заман емес, десек те, төрт түлік енді төлдеп жатқанда оңай тимегені анық қой. Жаңа туған жас төл былай тұрсын, Қостанай мен Торғайдың арасында көліктер тұралап жатқанын әлеуметтік желіден көрдік. Біз Тобық Жармағамбетовтің «Отамалысын» парақтадық.
Әдебиет • 20 Сәуір, 2023
Аспан парағына жазылған жырлар
Жақсы өлеңдердің бәрі «мені оқы» деп өзіне шақырып тұрады. Бірақ «айқайлап» айналасына жар салмайтыны тағы бар. Бұл – шындық. Жарты әлем жарыса оқып, тіпті жаттап алған поэзиялық шығармалардың көбі осы бағытты ұстанады. Поэзияның өнер атаулының тұнық бастауы екені де – мойындалған пәтуа. Сол үшін де атақты Мартин Хайдеггер: «Сайып келгенде өнер біткеннің бәрінің өзегінде поэзия жатыр», деп аталған өнердің дәрежесін аспандатады.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2023
Шаң басқан шаһар немесе Атырау қашан жасыл желекке оранады?
Өндірісі өрге басқанмен, Атыраудың экологиясы өркен жая алмай тұр. Мұнда жұрттың бәрі қызыға қарайтын баррельмен бағаланған мол мұнай бар. Бірақ қоршаған орта тазалығы алаңдатарлық ахуалды бастан кешіп отыр. Ғаламдық жылынудың әсері ме, әлде өзге себебі бар ма, ала жаздай жаңбыр, қыс айларында қар жаумайды. Тұңғиығында «қара алтын» тұнған қазыналы өңірдегі аптап ыстық пен құрғақшылықтың, бәлкім, қоршаған ортаны қорғауға немқұрайды көзқарастың әсері ме, әйтеуір батыс пен шығыстан қатынайтын теміржол мен автокөлік жолының бойында жайқалып тұрған жасыл желек жоқ. Үп еткен самал желдің екпіні сәл үдесе, әп-сәтте кенезесі кеуіп, шөліркеген кең жазиралы даланы да, у-шуы көп мұнайлы шаһарды да ала шаң басады.
Фотогалерея • 20 Сәуір, 2023
Жақында Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, кәсіпқой фотосуретші Рафхат Халеловтің «Қазақтың Қадыры» атты фотокөрмесі ашылды.
Өнер • 20 Сәуір, 2023
Қостанайда «Алтын микрофон» халықаралық байқауы басталды. Осымен жиырмасыншы рет өтіп жатқан өнер додасына еліміздің әр өңірінен келген жас таланттармен қатар, Украина, Өзбекстан, Болгария, Қырғызстан, Беларусь мемлекеттерінің өкілдері қатысып жатыр.