Қазақстан • 18 Сәуір, 2017
Газ тасымалы саласы ең озық технологияға көшті
Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына орай «ҚазТрансГаз» АҚ пен «Trans-Asia Gas Pipeline Company Limited» компаниясы «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының «Бозой» компрессорлық стансасында газ айдау агрегатын іске қосты. Ең озық технологиямен жабдықталған кешеннің түрлі қысымдағы екі газ құбырынан отын қабылдай алатын бірегей мүмкіндігі бар. Газ «Бұқара –Орал» және «Орта Азия – Орталық» магистралды газ құбырынан алынады. Компрессорлық станса арнайы тапсырыс бойынша жасалған және әлемдік тәжірибеде бұрын қолданылмаған инновациялық «back-to-back» газ айдау агрегаттарымен жабдықталған.
Қазақстан • 18 Сәуір, 2017
Қазақстан үзілді-кесілді айыптайды
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сирияның Алеппо қаласына жақын маңда жасалған террорлық актіге байланысты мәлімдеме жасады.
Қазақстан • 18 Сәуір, 2017
«Қазбриг» – бітімгерлік миссиясына дайын
Елімізде әлемдік татулық пен тұрақтылықты қолдау мақсатында құрылған Бітімгерлік батальонының жұмысымен танысу мақсатында Мәжілістің бір топ депутаты ат басын Алматыға бұрды.
Қазақстан • 18 Сәуір, 2017
Ақтөбеде судың беті қайта бастады
Ақтөбе облысында тасқынның беті қайтты. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, 15-16 сәуірдегі жағдаймен салыстырғанда судың деңгейі түсе бастады.
Қазақстан • 18 Сәуір, 2017
Төтенше жағдайды еңсеруге барлық күш жұмылдырылуда
Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде су тасқыны кезеңінің өтуі туралы брифинг өткізілді. Шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин қатысты. Ол Қазақстанның орталық және солтүстік өңірлерінде су тасқыны 11 сәуірден бастап күшейгенін атап өтті.