Елорда • 19 Сәуір, 2024
Астанадағы Ұлы дала даңғылын су басты
Астана қаласындағы Ұлы дала даңғылын су басты. Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, даңғылға жайылған су қардың қарқынды еруінен пайда болған, деп жазады Egemen.kz.
Құқық • 19 Сәуір, 2024
Заң қатаймай, құқықтық қоғам орнамайды
Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйел құқығы мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған түзетулер мен толықтырулар енгізілген, бір-бірімен бітеқайнасқан бірнеше заңға қол қойды. Заңдарда нендей өзгерістер болғаны қоғамда қызу талқыланып, әлеуметтік желі, ақпарат құралдары арқылы аз айтылып жатқан жоқ. «Құқықтық мемлекет құрамыз десек, азаматтардың заңға бағынуынан бөлек, мемлекет сол заң талаптарын да қатайту керек». Біз сөзге тартқан спикерлердің ортақ пікірі осындай.
Қоғам • 19 Сәуір, 2024
Өтемақы бюджеттен тыс қорлардан төленеді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлейтіні туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Қоғам • 19 Сәуір, 2024
Табиғаттың тосын құбылысы талқыланды
Астанадағы Назарбаев университетінде өткен семинарда су тасқыны төңірегінде ізденіп жүрген отандық жас ғалымдар, шетелдік сарапшылар, университет студенттері табиғи апаттың алдын алу, одан қорғану жолдарын талқылады.
Қоғам • 19 Сәуір, 2024
Мемлекеттік қызмет: жастардың көзқарасы әр алуан
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Атырауда болған үшінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Мен жуырда Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен арнайы кездестім. Сонда айтқан ойымды еліміздің барша жастарына тағы да қайталағым келеді. Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. Көп ұзамай мемлекетті басқару ісі, яғни ел тізгіні бүгінгі жастардың қолына өтеді. Сіздер осы жауапкершілікті қазірден бастап сезінулеріңіз қажет. Өздеріңізге жүктелетін тарихи миссияны орындауға қашанда дайын болуларыңыз керек», деді.