Үкімет • 13 Сәуір, 2018
Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен Атырауға барды
Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдаулары мен «Бес әлеуметтік бастамасының», сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысу үшін Атырау облысына барды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.
Қазақстан • 13 Сәуір, 2018
Алматыда жас ғалымдардың ғылыми марафоны өтті
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде жас ғалымдардың қатысуымен «Smart Nation.kz» ғылыми марафоны өтті, деп хабарлайды оқу орнының Баспасөз орталығы хабарлады.
Өнер • 13 Сәуір, 2018
Қостанайда суретші Әнуар Сәпиевтің дербес көрмесі ашылды
Көрменің ұйымдастырылуы суретшінің 50 жасқа толған мерейжасына орайластырыпты. Оған Әнуар Сәпиевтің соңғы жылдары салған 47 жұмысы қойылған.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2018
Науырзым қорығына көктем келді. Түгел табиғат оянып жатыр. Жыл құстары жетті. Биыл Науырзымға наурыз айының аяғында, көл бетінің сеңі енді бұзылып жатқанда ең алдымен сұр үйрек пен аққулар қоныпты. Қорықтағы ғана емес, жалпы Тобыл –Торғай өңіріндегі көктемнің алғашқы хабаршысы – суырлар. Олар ақпан айында-ақ қар астындағы інінен шыға бастайды.
Өнер • 13 Сәуір, 2018
Париж төрінде ән салған Әміре Қашаубайұлының сара жолын жалғастырушылар қатары кейінгі 100 жылға жуық уақыт бойына үзілген жоқ десек, қателесе қоймаспыз. Оның дәлелі ретінде арғы-бергі оқиғаларды санап шықпай-ақ, күні кеше ғана француз жұртының құлақ құрышын қандырып қайтқан қаршадай бала туралы айтсақ та болар...