Қоғам • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс сот жарыссөзі кезеңіне өтті. Мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев сотта айыптау ұстанымын таныстырып, айыпталушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріп, жаза мөлшерін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысушылар Ақорда резиденциясына келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • Кеше
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Қазақстанда жасанды интеллектті пайдалана отырып түсірілген фильмдерге арналған алғашқы халықаралық Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) кинофестивалі өтеді. Елордада өткен баспасөз конференциясында жобаның тұжырымдамасы мен өтінім қабылдау тәртібі таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • Кеше
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» ФК басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Астана қаласының прокуратурасы жол қозғалысы ережелерін жүйелі әрі өрескел бұзатын жүргізушілерге қатысты жауапкершіліктің қатаңдатылғанын мәлімдеді. Енді агрессивті жүргізу мен қауіпті маневр жасау тек айыппұлмен шектелмей, «ұсақ бұзақылық» ретінде бағаланып, жүргізушіні 15 тәулікке дейін қамауға алуға негіз болады, деп хабарлайды Egemen.kz.