Аймақтар • 28 Сәуір, 2026

Атырау облысында браконьерлерден 6 тоннадан астам балық тәркіленді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында «Бекіре» акциясы басталғалы бері 6 тоннадан астам заңсыз ауланған балық тәркіленді. Браконьерлерге шамамен 12 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында браконьерлерден 6 тоннадан астам балық тәркіленді

Тексеру барысында 50 заңсыз рұқсат құжаты жоқ қайық анықталып, 555 тыйым салынған балық аулау құралдары тәркіленді. Жайық-Каспий бассейніндегі балық қорғау шаралары 31 мамырға дейін жалғасады.

Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз хатшысы Рүстембек Қорқытовтың айтуынша, «Бекіре-2026» акциясы басталғалы бері табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 549 дерегі анықталған. Соның нәтижесінде 401 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар браконьерлік фактілері бойынша 17 қылмыстық іс қозғалған.

Соңғы жаңалықтар