Оқиға • Бүгін, 11:09

Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жайық-Каспий бассейнінің биоәртүрлілігін сақтау – Атырау облысы прокуратурасының басым бағыттарының бірі. Қазіргі уақытта құзырлы орган сирек кездесетін балық түрлері мен олардың өнімдерін заңсыз сатып алатын азаматтарға қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін

Фото: Ашық дереккөз

Прокуратура жүргізген талдау көрсеткендей, бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулау деңгейінің жоғары болуына тікелей тұтынушылық сұраныс себеп болып отыр. Яғни, браконьерлік өнімдерді сатып алатын азаматтар бұл қылмыстың жанама ынталандырушысына айналып отыр.

2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста экология саласында 30 құқық бұзушылық тіркелген. Өткен жылы соттарға айыптау актісімен 11 қылмыстық іс жолданып, 10 тұлғаға қатысты айыптау үкімі шықты.

Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды

Прокуратура мынадай маңызды құқықтық ескертуді қаперге салады: Қылмыстық кодекстің 339 және 339-1-баптарына сәйкес, тек балықты аулаған браконьерлер ғана емес, сонымен қатар:

  • Заңсыз сатып алушылар;
  • Сақтаушылар мен тасымалдаушылар;
  • Өткізушілер (қайта сатушылар) де қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Биыл Атырау қаласының тұрғынына қатысты шыққан сот үкімі бұл ескертудің нақты дәлелі болды. Тексеру кезінде оның автокөлігінен 501,9 кг бекіре тұқымдас балық табылды. Соттың шешімімен ол 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, мемлекетке келтірілген материалдық шығын мен баж салығы есебіне 304 млн теңгеден астам қаражатты өтеуге міндеттелді.

Ақтауда 40 келі қызыл балықты заңсыз тасымалдаған күдікті ұсталды

Атырау облысының прокуратурасы заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын еске салады. Жеке тұлғалардан тиісті рұқсат құжаттарынсыз, шығу тегі күмәнді балық пен уылдырықты сатып алу арқылы сіз ауыр қылмыстың сыбайласына айналасыз.

Соңғы жаңалықтар