Орыс көркем ойына тереңдеп дендеу ешкімге оңай соғып көрген емес. Қоңсылас қонған көп жұрттар арасынан жан жүрегімен жақындап, ұлттық тілегін оған жалғастыра білген халық дүниеде екеу болса соның бірі қазақ. «Татьянаның қырдағы әні» арқылы сезім дүниесінің өзгеше құбылысымен әуелі Жидебайда табысып ап, сонан күллі даланы шарлай жөнелуінің өзі тегін емес. СаҺараның ұлан асыр төсіндегі көшпенді ел көкейіне нық орнығу үрдісінің кәміл дұрыстығын өмір әлдеқашан дәлелдеді.
Әлем • 13 Сәуір, 2018
Жаңа замандағы тұңғыш жазғы Олимпия ойындарының тарихы қандай?
Осыдан 122 жыл бұрын, яғни 1896 жылы сан ғасырға созылған үзілістен соң Олимпиада қозғалысы қайта жанданып, Грекияның бас шаһары – Афиныда жазғы жаһандық доданың алауы тұтанған еді. Жаңа дәуірде тұңғыш рет ұйымдастырылған байрақты бәсекеде 14 мемлекеттің өкілдері өнер көрсетті.
Қазақстан • 13 Сәуір, 2018
Дмитрий Баландин Испаниядан сегіз жүлдемен оралды
Қазақстанда кенжелеп қалған су спорты, оның ішінде суда жүзу спорты қарқынды дамып келеді. Рио Олимпиадасында сенсациялық түрде алтын медаль алған Дмитрий Баландин соның айқын дәлелі.
Әлем • 13 Сәуір, 2018
Жаһандық жарыстар. Мысырлық футбол жанкүйері әлем чемпионатына велосипедпен барады
Мысырлық футбол жанкүйері Мохамед Нуфал Ресейде өтетін әлем чемпионатын тамашалауға велосипедпен баруды жөн санапты.
Қазақстан • 13 Сәуір, 2018
Қанат Ислам: Отанын опасыздар ғана масқаралайды
«Өз Отаның болғаны қандай бақыт». Әлеуметтік желіде атақты боксшы Қанат Ислам жүрекжарды ойларын ақтарған екен.