Халық • 19 Сәуір, 2024
Қызылжардың түбінде болса да, дөңде орналасқандықтан су кірмей, айналып кеткен Прибрежный деген ауыл бар. Бұрын «Озерный» кеңшары десетін, шаруасы тыңғылықты, экономикасы жақсы дамыған шаруашылық еді. Қазір сол ауыл аралда қалды. Далаға өрген ұсақ малдары, егіс басындағы техника, мүліктері суға кеткенімен, жандары да, үй жайлары да аман.
Таным • 19 Сәуір, 2024
«Жүрген аяққа жөргем ілігеді» деген тәмсіл журналистерге арнап айтылған секілді. Журналист үшін көп көргеннен, көп түйгеннен артық не бар. Қоржының молаяды. Басқа елден алған әсеріңді өз еліңмен іштей салыстырасың. Олардың бізден артықшылығы мен кемшілігі қайсы, соны байқайсың. Халықтың тұрмысын көріп, әл-ауқатын бағамдайсың. Қысқасы, Корея сапарынан осындай ой түйдік. Біз онда толық бір апта болдық. Осы аралықта ел астанасы Сеулде ғана емес, Пусан, Тэджон, Сувон, Ульсан секілді іргелі қалаларын араладық. Бұл шаһарларда елдің маңдайалды университеттері мен ірі өнеркәсіп орындары шоғырланған.
Су тасқыны • 19 Сәуір, 2024
Көктемгі тасқын күшіне мінген кезде Бұланды ауданының төрт елді мекенін су басып қалып, кәдімгідей абыржытып тастаған болатын. Ауылдардан бес жүзден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Мал-мүліктің бір парасы қызыл судың астында қалып, қиындық жағадан алғанда жабырқаған жұртқа ел жанашырлығы дем беріп отыр.
Архив • 19 Сәуір, 2024
Қаһарман қыздың суреті табылды
Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архиві қорынан Қазақстанның Халық қаһарманы, ұшқыш Хиуаз Доспанованың бұрын белгісіз болып келген суреті табылды.
Құқық • 19 Сәуір, 2024
Әйел құқы басты назарда тұрады
Әйел құқығын қорғау және бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету қоғамның дамуы үшін өте маңызды. 2017 жылы елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік әлсіз болды. Ал 2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу, оған қарсы тұру турасында қызу пікірталастар жүрді.