Аймақтар • 25 Сәуір, 2020
Атырауда ойын алаңдарында коронавирус кейпіндегі қуыршақтар жүр
Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, карантин талабы күшейтілгеніне қарамастан, қаладағы аулаларда, ойын алаңдарында балалардың ойнауы жалғасуда. Сондықтан ата-аналарға ой салу үшін коронавирус түріндегі қуыршақтарды қолданылып отыр.
Коронавирус • 25 Сәуір, 2020
Вирусолог: 1 адам COVID-19-ды кем дегенде 5 адамға жұқтырады
Виргиния штатындағы Джордж Мейсон қоғамдық зерттеу университетінің микробиология және жұқпалы аурулар бағыты бойынша докторантурасын тәмамдаған вирусолог Юрий Ким бүгін Жас ғалымдар альянсы ұйымдастырған «Ғылымтану» еркін талқылауда осындай мәлімдеме жасады.
Коронавирус • 25 Сәуір, 2020
Алматы: Індет жұқтырғандар ішінде 4 бала мен 80-дегі қария бар
Алматы қаласында 25 сәуір күні коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталғандар саны 791 болды. Соңғы тәулікте мегаполисте 27 адам жұқтырған, олардың барлығы бұған дейін ауырғандармен қарым-қатынаста болғандар, яғни провизорлық госпитальдарда карантинде жатқандар.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2020
Петропавлда әскери институт қызметкері 27,8 млн теңге жымқырған
Солтүстік Қазақстан облысының «Антикор» орталығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері Петропавлдағы Ұлттық ұланның әскери институтында көп жылдар бойы қаржылық салада қызмет істеген әйелдің 27,8 млн теңге ақшаны жымқырып, ұсталғаны туралы мәлімдеді.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2020
86 жастағы тараздық тұрғын коронавирусты жеңіп шықты
Бүгінде Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырған адамдарды емдеу шаралары жоғары деңгейде жалғасуда. Күн санап науқастардың да індеттен сауығу көрсеткіші артып келеді.