Олардың арасында 13 әйел адам және 10 ер адам бар. Сондай-ақ, жаңадан анықталғандардың арасында 2, 5 және 10 жастағы үш ұл мен 4 жастағы қыз бала бар.
Инфекцияны жаңадан жұқтырған науқастардың ең үлкені – 80 жаста.
Инфекциядан сауығып шыққандар саны – 90, оның ішінде алтауы бала.
Алматы облысынан бір науқасты қоса есептегенде Жұқпалы аурулар стационарларында коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан 694 науқас бар.
Бір науқастың жағдайы өте ауыр болса, 23 науқаста ауыр, 200 адамның жағдайы орташа ауыр болса, қалғандарында – қанағаттанарлық.
Провизорлық орталықтарда барлығы 485 адам бар, оның ішінде 11-і бала, карантиндік оқшаулауда 506 адам отыр, ал үй карантинінде 11128 азамат бар.