Қазақстан • 14 Сәуір, 2017
Кеше астаналықтар жапон суретшісі Ясуаки Онишидің тылсымға толы көрмесіне куә болды. Көрме залын бір шолып шыққанда драмалық қайшылыққа толы сезімдерді бастан кешсеңіз, келер сәтте жаныңыз барақат табар мүлгіген тыныштыққа бөленесіз. Бейне бір ақ қанатты періштеге айналып, әп-сәтте күнәсіздер әлеміне өтіп кеткендей боласыз.
Қазақстан • 14 Сәуір, 2017
Қытайдағы ән байқауында Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Димаш Құдайбергеннің ғаламат өнер көрсетуі бүгінде барша қазақтың ортақ мерейіне айналуда. Мән берсек, өнер көгінде жасындай жарқылдаған мұндай жастар елордалық өнер университетінде көп-ақ екен. Сондай таланттың бірі – өнері Италия, Алмания, Австрия, Испания, Ұлыбритания, Үндістан, Иордания, АҚШ елдеріне мәлім, Дельфий ойындарының алтын медаль иегері, көптеген белгілі халықаралық байқаулардың лауреаты Ақбике Алғи да – Қазақ ұлттық өнер университеті колледжінің студенті. Ұлы Даланың рухани құндылығын бойына сіңіріп өскен ол «Астана Опера» театрының Камералық залында «Жан-жүрегім скрипкамен бірге шырқайды» концерттік бағдарламасын ұсынбақ.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2017
Сұлтанмахмұт сабақ берген мектеп
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың ХХ ғасыр басында Шығыс өңірінде біраз уақыт мұғалімдік қызмет атқарып, Катонқарағай, Зайсан, Тарбағатай аудандарында сабақ бергені белгілі. Биыл Катонқарағай ауданындағы бір кездері ақын сабақ берген Шыңғыстай мектебіне – 110, осы оқу ошағын салдырған Алаш ардақтысын осынау білім ордасына арнайы шақырған Әбдікәрім Ережеповтің дүниеге келгеніне 150 жыл толып отыр.
Әдебиет • 14 Сәуір, 2017
Алаш қайраткерлерінің коммунист колонизаторлармен (Смағұл Сәдуақасов) бастары «бір қазанға» сыймауына негізгі себеп: ...бұлар қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін революциялық тәсілмен күрт өзгертуді емес, қайта эволюциялық жолмен басқа өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, жетілдіре түсуді көздеді. Ең негізгісі, бұл жол Қазақ еліне өзін өзі билеуге, сөйтіп өзінің ішкі қоғамдық мәселелерін өзі шешуге, өз атамекеніне өзі ие болуға мүмкіндік беретін дүние-тін.