Руханият • 18 Сәуір, 2023
Алаш арыстарының ұстазы болған ауыл молдасы туралы не білеміз?
ХХ ғасыр басында қазақ азаматтары Ресейдің жоғары оқу орындарында, жергілікті гимназия һәм семинарияларда, өлкелік әскери реалдық училищелер мен кадет корпустарында, одан қалды «Ғалия» (Үфә), «Расулия» (Троицкі), «Хұсаиния» (Орынбор) сияқты заманауи медреседе білім алып, қазан төңкерісі бұрқ еткен бұлғақ жылдары пайда болған апалас-төпелесте жеке ел болудың қамын ойлады, осы жолда бастарын бәйгіге тікті. Тірі қалғандары кеңес заманында білім-ғылым жолында аянбай еңбек етті.
Театр • 18 Сәуір, 2023
«Еріксіз емші» – ерекше қойылым
Ерекше қойылым деп отырғанымыз, облыстық драма театрда болған «Еріксіз емші» спектаклін көрермен сахнада отырып тамашалады. Тұңғыш рет ұйымдастырылған көшпелі театр стиліндегі комедияның премьерасына барған ел әй бір күлкіге қарық болды-ау. Құр күлкі емес, қойылымда мән бар, мағына бар. Қоғам мәселесін және қаузаған.
Қылмыс • 18 Сәуір, 2023
Алғашқы автокөлік құжаттарын реттейтін мамандандырылған қызмет көрсету орталықтары (ХҚО) ашыла бастағанда, біраз жұрт «Енді парақордың да, пара берушінің де жолы кесілді. Көлікті «көкесіз» ресімдеп, тесті өзі баға қоятын компьютерге тапсырамыз, жүргізуші куәлігін таза білімнің күшімен алатын болдық» деп бір серпіліп қалған еді. Өкінішке қарай, бұлай болмай шықты.
Қаржы • 18 Сәуір, 2023
Екібастұздың жұртшылықты жұмыспен және баспанамен қамту саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бергендер жиілеп тұр. Жергілікті шенеуніктер мемлекет қаржысына салынған пәтерлер мен грант қаражаттарын өз туыстары мен таныстарына үлестірген. Онымен қоймай субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындарына сайда саны, құмда ізі жоқ азаматтар тіркеліп, шаруашылықтар оған бөлінген миллиондаған қаржыны қымқырыпты.
Қылмыс • 18 Сәуір, 2023
Шардарадағы мал дауы қайтсе шешіледі?
«Egemen Qazaqstan» редакциясына Түркістан облысының Шардара ауданынан мал дауына байланысты хат келіп түсті. Бұл жерде әңгіме екі тарап арасындағы кішігірім дау емес, ондаған миллион теңге шығын келтірілген аса ірі көлемдегі қылмыс туралы болып отыр.