Қазақстан • 11 Сәуір, 2018
Солтүстік Қазақстанда ауыл кәсіпкерлеріне несие мөлшері ұлғайды
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы елді мекендердегі кәсіпкерлерді қаржыландыруға 1 миллиард теңге бөліп отыр.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2018
Қызылорда: «Жол картасы» аясында 2020 жылға дейін 103 жоба іске асырылады
«Жол картасы» аясында республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын 103 жоба, оның ішінде жалпы ұзындығы 1390 км құрайтын автомобиль жолдары мен көшелер және 12 көпірге құрылыс, қайта жаңғырту, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ол туралы брифинг барысында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Ержан Әбдіхалықов мәлімдеді.
Қазақстан • 11 Сәуір, 2018
«Bayan sulu 2018» байқауына қатысып жатқан келген қыз-келіншектер жалған дауыс жинаған
15 сәуір күні Ұлттық Ғашықтар күнінде халықтық дауыс берудің нәтижесінде осы заманның Баян сұлуының аты белгілі болуы тиіс еді. Алайда ұйымдастырушылар «Bayan sulu 2018» байқауын 13 мамырға дейін ұзартуға мәжбүр болып отыр. Бас жүлдеден дәмелі арулар жеңімпаз атану үшін түрлі айла-шарғыларға барған. Осы мәселеге орай Алматыдағы Қазақстан баспасөз клубында бұқаралық ақпарат құралдары үшін мәлімдеме жасалынды.
Қазақстан • 11 Сәуір, 2018
Қазақстанда АИТВ-ға шалдыққандардың 80 пайызы антиретровирустық терапиямен қамтылады
Жылдың соңына қарай елімізде АИТВ-ға шалдыққандардың 80 пайызы антиретровирустық терапияны қабылдайтын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтың баспасөз қызметі хабар таратты.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2018
«Дидар» газетінің тілшісіне сөгіс берген басшы жұмысынан босатылды
Газетіміздің биылғы 14 ақпандағы №31 санында «Журналист неге жазықты болды?» атты мақала жарияланған-ды. Мақалада Өскеменде жарық көретін облыстық «Дидар» газетінің тілшісі Мұратхан Кенжеханұлының «Өскемен қашан рухани жаңғырады?» деген сыни мақала жазғаны, ондағы облыс орталығындағы ономастика мәселесін көтергені үшін «Шығыс Ақпарат» ЖШС-нің директоры (бұрынғы) Ирина Якунинаның сөгіс бергені жайында айтылған болатын.