Су тасқыны • 18 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңір тұрғындарымен кездесіп, су тасқыны кезінде үйінен айырылған отбасыларға баспана салынатынын, жөндеуге жарамды үйлер қалпына келтірілетінін айтты.
Қоғам • 18 Сәуір, 2024
Алыстағы ағайын көмек қолын созды
Жаһанда атамекенінен жырақта, жан-жаққа тарыдай шашылған халық көп. Олар дүниенің қай шетінде жүрсе де, қандастарына қашанда тілеуқор. Мұндай жосық біздің қазақта да бар. Жай күнде жүз шайысып жүргенімен, басына екіталай күн туғанда бірігіп, жұдырықтай жұмылып кетеді. «Қанына тартпағанның қары сынсын» дейді халқымыз. Соның куәсіндей еліміздегі су тасқынынан зардап шеккен жұртқа алыс-жақын шетелдегі қандастар қолұшын беруге ұмтылып жатқаны қуантты.
Қоғам • 18 Сәуір, 2024
Жас ұрпақты кітап оқуға қалай баулимыз?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Ұлттық құрылтайда: «Біз ең алдымен жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Тәуелсіздік кезеңінде елімізде кітапхана ісі кенжелеп қалды. Тоқсаныншы жылдардағы аласапыран уақытта мыңдаған кітапхана жабылды. Миллиондаған кітап қорынан айырылдық. Соңғы жылдары жағдайды түзеу үшін әрекет жасалып жатыр. ...Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бейжай қарауға болмайды. Кітап оқырманға қолжетімді болуы керек. Жалпы, бұл саланы жетілдіру үшін басқа да ауқымды шараларды қолға алу қажет», деді.
Пікір • 18 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Атыраудағы жиынында: «Тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг пен агрессия да қазіргі уақыттағы қатерлі үрдіс. Ашығын айтсақ, қоғамда қатыгездік күшейіп барады. Біреуге тіл тигізіп, ар-намысын таптап, тіпті, ұрып-соғуға дайын тұратындар аз емес. Мұндай теріс әрекеттерге көз жұма қарауға болмайды. Біз осы қоғамдық дертті жасырмай, ашық айтуымыз керек. Азаматтарымыз үйде де, түзде де өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Бір сөзбен айтқанда, қауіпсіз ортада өмір сүруі керек. Заң мен тәртіп қатаң сақталуға тиіс, яғни қоғамда заң үстемдігі болуы қажет», деп атап көрсетті.
Экономика • 18 Сәуір, 2024
Көлік-логистиканы дамытудың жаңа кезеңі
Қазақстан Еуразия кеңістігінде ең үлкен көлік-логистика хабын құрып, Қытайдан Еуропаға және Орталық Азиядан Батыс елдеріне әлемдік тауар тасымалын жеткізуді үйлестіріп, сонымен қатар құрғақ жол үстіндегі сауда ағынының бұйдасын ұстауға да ұмтылып отыр. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Инновациялық орталығы осы істі ілгерілетуде үлесін қосып келеді.