Күрес • 13 Сәуір, 2017
Әйгілі балуандар әдіске баулыды
Таяуда Алматыдағы «Халық Арена» спорт сарайында жүзге жуық балғын балуан Сеул Олимпиадасының чемпионы Камандар Маджидов пен күміс жүлдегері Дәулет Тұрлыхановтың шеберлік сыныбына қатысты.
Театр • 13 Сәуір, 2017
Ашылғанына енді ғана үш жыл толған елордадағы №76 мектеп-лицейі театр өнерін дәріптеп, кәсіби режиссердің араласуымен, оқушылардың үлкен дайындықпен сахнаға шығуына мүмкіндік жасапты. Мұны осы білім ұясының басшысы Сафура Сейдуалиқызының әңгімесінен білдік. Осыған дейін оқушылар қазақтың аса көрнекті ағартушы ұстазы Ыбырай Алтынсарин және Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов жайындағы спектакльдерді сахналаған. Ал мектеп сахнасында күні кеше қойылған «Ойранның» жөні бөлек. Ол жаңадан ашылып жатқан «Ғасыр» театры үшін таңдап алынған труппа әртістерінің тұла бойы тұңғыштары десе болады.
Әдебиет • 13 Сәуір, 2017
Қазақ әдебиетінің қос заңғары Әбдіжәміл Нұрпейісов пен Олжас Сүлейменовтің бір үстел басында бастары қосылып отыруының өзі сондай ғанибет жағдайда, ғажап жарасып тұрды. Екеуі де Қазақ ПЕН-клубының соңғы үш жылдағы қарым-қажырын, белсенді жұмысын атап көрсетті. Олжас Омарұлы ұлттық ПЕН-клубтың 25 жылда беделді мәдени институтқа айналғандығын баса айтты.
Тәрбие • 13 Сәуір, 2017
Бала миына не зиян, не пайдалы?
Қазақ ежелден сәбидің тәрбиесінен бөлек оның денсаулығына құрсақта жатқан кезден бастап үлкен мән берген ғой. Бүгінде жаңа туған сәбилерге жасалатын қамқорлық қай деңгейде? Бұл сұраққа бір сөзбен жауап бере салуға болмас. Өйткені, нәресте күтімі барлық отбасында бірдей деуге тағы болмайды. Бала өмірінің алғашқы кезеңі оның миының дамуында үлкен маңызға ие. Жуырда ЮНИСЕФ Балалар қоры «Early Moments Matter» атты сәби миының дұрыс дамуына арналған бағдарлама жасап шығарды. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген сәттен басталатын 1000 күн баланың бүкіл денсаулығына зор ықпал етеді. Тіпті, нәрестенің айналасындағы дыбыстар мен қасындағы адамдардың көңіл-күйі де оның ми жүйесінің қалыптасуына ықпал етеді.